Кейбір әуекомпаниялар авиаотынға қатысты қиын жағдай туындап тұрғанын айтты, соның салдарынан рейстер қысқартылуы немесе мүлдем болмауы мүмкін. Ақтау әуежайы жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтаудағы халықаралық әуежайының бас директоры әуежайдан негізінен шетелдік авиатасымалдаушылар мен чартерлер жанармай құятынын айтты. Ұлттық тасымалдаушылар өздерін отынмен қамтамасыз етеді. Сондықтан авиакомпанияда туындаған мәселе әуежайға қатысты емес.
«Біз өз отынын өздері сақтайтын компанияларға жанармай беруді қарастырмадық, сол себепті Scat әуекомпаниясында мәселе болып отыр. Қалай болғанда да, біз әуекомпанияларға көмектесуге тырысамыз. Басқа әуежайларда авиаотынға қатысты жағдай өте ауыр. Қазір барлық жерде шектеу бар және әуекомпания өзі ойлағандай бағаға отынды таба алмайды. Олар қымбат отын сатып алуға қорқады, өйткені қымбат отын билет құнына әсер етеді. Бізде баға әлі өзгерген жоқ, алдын ала сатып алдық. Бірақ біздің жанармай тек келісім-шарты бар авиакомпанияларға беріледі. Өкінішке қарай, Scat және Air Astana компаниялары бізбен келісім-шарттар жасаған жоқ», - деді Ақтау халықаралық әуежайының бас директоры Меруерт Жолдыбаева.