«Ынтымақ» маңында «Тәуелсіздік – 30 жыл» деген жазумен отырғызылған питуния гүлі көп ұзамай пластикке айналған еді. Қазір пластиктің орнына гүлдер бейнеленген электронды тақта орнатуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ал «Ақбота» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Мұратбай Көпеновтың айтуынша, біржылдық гүлдер қатты ыстықтан қурап, солып қалған. Ал басқа гүл отырғызайын десе, табылмаған.
«Қурап, солып қалған гүлдің орны бос тұрмасын деп уақытша жасанды гүлдерді орналастырдық. Алдағы екі-үш күнде орнын басқа затпен ауыстырамыз. Ол өте ерекше зат болады. Бұл жасанды гүлдерге қосымша ақша бөлінбеген. Бұрын соңды мекемеде болған гүлдерді уақытша қолдануға ала тұрдық», - дейді Мұратбай Көпенов.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН