Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтау қаласында белгілі тұлғаларға арналған муралдар салу жұмысына демеушілік білдірген бірнеше азамат қала әкімінің атынан Алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олар: «BS Stroy», «К7 group», «Барьер Плюс», «СК Строй Монтаж», «Интерьер Строй Актау», «ISG», «Айком», «Альянс ЛТД», «Каспиан Кост» және «Маңғыстау ойл Рефининг» компаниялары.
Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбайдың Алғыс хатын табыстаған орынбасары Ә. Байпақов демеуші компания басшыларына қаланың дамуы мен өркендеуі жолында қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.