Бүгін Ақтауда «Асар-С» көтерме сауда орталығында COVID-19-ға қарсы вакциналау пункті ашылып, орталық қызметкерлері жаппай екпе алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Көтерме сауда базары жұмысшыларының пікірінше, жаппай вакциналау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана коронавирусты жеңіп, қалыпты өмірге оралуға болады.
Айта кетейік, Ақтауда барлығы 69 071 адам I компонентпен егіліп, 68,3 пайызды құрады. Ал жалпы Ақтау қаласы бойынша 101 105 тұрғын егілуге тиісті топқа жатады.