Ақтауда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастыруымен БАҚ-қа арналған баспасөз туры өтті. Жиында қордың мемлекеттік қолдау бағдарламалары, Маңғыстау облысындағы кәсіпкерлердің мемлекеттен қолдау алған жобалары таныстырылды.
«Бизнестің жол картасы - 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Маңғыстау облысының кәсіпорындарына биылғы бірінші жартыжылдықта пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қаржылық қолдау көрсетті. Осы аталған бағдарламалар аясында 2021 жылы несие сомасы 20,0 млрд теңге болатын 763 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: (2021 жыл, 1 шілдедегі деректер)
- "Бизнестің жол картасы-2025" бойынша 19,80 млрд теңге сомасына 761 жоба;
- "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша 196,45 млн теңге сомасына 2 жоба;
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары бойынша кәсіпкерлерге жобаның кредиті бойынша пайыздық мөлшерлемені азайту және тиісінше ай сайынғы төлемді азайту мүмкіндігі берілді.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 жартыжылдығында кепілдендіру құралы бойынша жалпы несие сомасы 8,6 млрд теңгені құрайтын 594 жоба қолдау алды, оның ішінде кепілдік сомасы 5,1 млрд теңгені құрады:
- "Бизнестің жол картасы-2025" бойынша несие сомасы 8,5 млрд теңге болатын 592 жоба бар, онда кепілдік сомасы 5 млрд теңгені құрайды;
- "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша (басым жобаларды кредиттеу тетігі) 19 809 млн теңге несие сомасына 2 жоба, онда кепілдік сомасы 93,39 млн теңгені құрайды;
Ішінара кепілдік беру шарттары бойынша кәсіпкерлерде кепілдік қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда қажетті жобалық сомаға дейін қосымша қаржыландыру не "Даму" Қорының кепілдігі есебінен қарыз сомасын ұлғайту мүмкіндігі бар.
Баспасөз туры аясында журналистер жеке меншікті жалға алумен және басқарумен айналысатын "Нурмугамбетов Д.Р." ЖК сияқты кәсіпорындарға барды. Кәсіпкер 2020 жылы "PORT Aktau" деп аталатын сауда нысанының құрылысына "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша қолдау алып, кәсіпкер несиені жылдық 6% мөлшерлемемен төлейді. Нәтижесінде жалпы ауданы 4 614,3 ш. м. үш қабатты ғимарат салынды.
Ал "Торал Каспий" компаниясы, мейрамханалары бар қонақ үй қызметтерін ұсынумен айналысады. Компания Holiday Inn Aktau Sea Side қонақүй кешенінің құрылысы барысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидиялау құралын пайдаланды. Қонақүй Aktau Residence қаланың тыныш ауданында орналасқан, теңіз жағалауынан небары жүз метр жерде әдемі жағажай мен жүзуге ыңғайлы пирстер бар. Кешенде: аквапарк, ашық бассейндер, слайдтар кешені, мейрамханалар, жазғы террассалар, тамақтану орны, ашық душ, демалыс аймағы бар.
Жаңа қонақүйдің арқасында Ақтау қаласына келетін туристер легі артып, жұмыс орындары ашылды.
Сондай-ақ, 525 орынға есептелген "SMART ILIM" мектеп-гимназиясы жұмыс істейді. Мектеп үш қабаттан тұрады және де жаңа заманауи технологиялармен толық жабдықталған. Балалар үшін шығармашылық қабілеттерін дамыту және сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Екі ауысыммен жұмыс істейтін білім ошағында 1 050 оқушы білім ала алады. Айта кететін жағдай, 2020 жылы бірінші сынып оқушыларына мектеп формасы мен күнделікті маскалар тегін қамтамасыз етілді. Бұл жоба бойынша " Даму " Қоры «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша несиенің бір бөлігін мектеп құрылысы мен жабдықтарына субсидиялау қолдау көрсетті. Жоба аясында 15 астам жұмыс орны ашылды.
Журналистер тыныс тіршілігімен танысқа келесі бизнес нысан - «OSS Kazakhstan» компаниясы. Бұл 2019 жылы құрылған қазақстандық «Uly Dala Holding» компаниясының бірлескен кәсіпорны, мұнай-газ саласындағы ірі сингапурлық сервистік компания OSS Strategic Holdings. Компанияның негізгі қызметі - мұнай-кен орындары мен бұрғылау қондырғыларын өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу. 2019 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақтау қаласындағы филиалы «Даму Өндіріс» шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы шеңберінде «OSS Kazakhstan» компаниясына өндірістік өңдеу өнеркәсібінде машина жасау зауытының жабдықтарын сатып алу үшін 6 пайыздық несие берілді.
Сонымен қатар, жиһаздың әр түрін өндіру мен сатумен айналысатын Ирина Беляева ұсынатын «Идальго Актау» компаниясы біренеше рет мемлекеттік бағдарлама қолдауын алған болатын. Компания Ақтау қаласының нарығында 15 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Компанияның жиһаз өндіру бойынша ұсынатын қызметтері: тапсырыс бойынша жасалған шкаф жиһазы (ас үй, кіреберіс, шкаф, витрина, жылжымалы есіктер, балалар жиһазы, үстелдер, қабырғалар). Сонымен қатар компания мекемелер мен қонақүйлерге жиһаз жеткізу секілді арнайы тапсырыстарды да орындайды. Тапсырыстар альбомдар мен үлгілер бойынша қабылданады және кез келген көлемдегі тапсырысты орындай алады. Барлық өнімдер толық сертификатталған, кепілдігі бар және тұтынушылардың сұранысын ескере отырып таңдалады.Жиһаз өндірісін кеңейту үшін жабдық сатып алу, яғни инвестициялау үшін «Нұрбанк» АҚ арқылы алған несиенің пайызын компания «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидиялап, Қордың қолдауын алған болатын.
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры – "Бәйтерек" Ұлттық холдингінің құрылымына кіретін мемлекеттік даму институты. Қордың мақсаты - Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту. «Даму» Қорының кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі құралдары –микро/шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, банктерге кепілдік беру, лизингтік операцияларды, шағын несиелік ұйымдар мен басқа да қаржы институттарын жеңілдетілген қаржыландыру.