Бүгін облыс әкімі С.Трұмовтың төрағалығымен Жобалық офистің кезекті Мемлекеттік жоспарлау жүйесін басқару комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, сонымен қатар аудан әкімдері видеоселекторлық режимде қатысты.
Офис басшысы Б. Жүсіпов бүгінгі күнге атқарылған жұмыстарымен, оның ішінде «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалысы бойынша баяндады.
Бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының жобалық офисінің мамандары арқылы облыстық басқармалар, қала және аудан әкімдіктерінің басшылары және қызметкерлерімен жобалық менеджмент құралдарын қолдана отырып, «kz2050.easyproject.com» кросс-платформасына жобаларды толық жүктеу бойынша 316 Scrum-кеңес ұйымдастырды және өткізді. Сонымен қатар, 18.08.2021 жылы РФ және ҚР елдерінің премьер министрлерінің кездесуі барысы аясында кросс платформа жаңа деңгейге көтеріліп, URL-адресі «kz2050.gov.kz» болып бекітілді.
Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша барлығы 3037 жоба жүктелді (17.07.2021 жылғы жағдай бойынша), оның ішінде: «Адами капитал» базалық бағыты бойынша – 439, «Инфрақұрылымды дамыту» ББ бойынша – 795, «Кәсіпкерлік және индустрия» ББ бойынша – 1003, «АӨК» ББ бойынша – 444, «Мемлекеттік сектор, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» ББ бойынша – 380.
Сонымен қатар, Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша партиялық бақылауда тұрған жобалар тізбесінің толықтырылуы қазіргі таңда Ұлттық жобалық офистегі өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі.
Осыған байланысты қазіргі таңда 2 388 жобамен республика бойынша алдыңғы қатарда, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жобалық басқару жүйесі бойынша апта сайынғы өтетін бағалау қорытындысына сәйкес 25,2 балмен (ұпай) Маңғыстау облысы көш бастап тұр.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесін басқару комитеті отырысының нәтижесіне сәйкес, облыс әкімі мемлекеттік мекеме басшыларына бірқатар тапсырма мен ұсынымдар берді.
Атап айтқанда, қала және аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының жобаларды жүзеге асыруға жауапты жергілікті атқарушы органдардың қызметшілерін жобалық менеджмент негіздеріне оқытуды қамтамасыз ету; белгілі бір жобаларға қажетті қаражатты бөлу мәселесін қарастыруды; «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы аясында жүзеге асырылатын жобалардың мерзімінде орындалуын сонымен қатар, Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысына қала және аудан әкімдерімен бірлесіп, «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары бойынша берілген несиелерді кросс-платформаға жоба ретінде енгізуді тапсырды.