Облыс тұрғындары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Ағаштарға қамқор бол» акциясына белсене қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Чосон» этномәдени бірлестігінің мүшесі Давид Ян бұл науқанды қолдайтынын айтты. Осы орайда ол үйінің жанындағы қарағаш, қайың, айлант ағаштарына күнделікті күтім жасайтынын айтып өтті.
Сондай-ақ, қала тұрғыны Андрей Тен 12 шағынаудан 50 үй тұрғындарымен бірлесіп, жинаған қаражатқа 30 түп көшет отырғызды.
«Видергебург» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Маргарита Клее пен бірлестік жастары үй ауласындағы ағаштарды суарып, акцияға қолдау білдірді.
Ал әзербайжан, лезгин, дағыстан, қырғыз, ұйғыр және өзбек этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қаланың гүлденуіне өз үлестерін қосып жатыр.