Маңғыстауда "қызыл" статусы бар 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыста ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 10 тұрғынға оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Санкциясы бойынша 87 510 теңге айыппұл қарастырылған (30 АЕК).
ПТР тестінің оң нәтижесі бар тұрғындар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» жүйесінде жұмыс істейтін нысандарда қызметтерді қолдануға тырысқан. Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантинінде жүрген адамдарды өзін-өзі оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.
14 күндік үй карантинін бұзған «қызыл статусы бар» облыс тұрғындарының тізімі:
1. Ақтау қаласы - Битанов А. О.
2. Ақтау қаласы – Нысан Н.
3. Жаңаөзен қаласы - Жолдасбаева С.К.
4. Жаңаөзен қаласы – Сеидов К.М.
5. Жаңаөзен қаласы – Имашева А. Е.
6. Ақтау қаласы – Кармысов Н.М.
7. Ақтау қаласы - Аяпова Г.Н.
8. Ақтау қаласы - Байдуллаев К.Д.
9. Ақтау қаласы - Сагизова Ж.
10. Ақтау қаласы - Суюнов О.У.