"Ақтау теңіз сауда порты" компаниясының 390 қызметкері коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Бұл компания қызметкерлерінің 85 пайызын құрайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ал вакцинаның екінші компонентін 320 қызметкер алды (69%). Бұған дейін мекеме қызметкерлерімен антиковидті вакцинаның пайдасы туралы түсіндірме кездесулер өткізілген болатын.
Айта кетейік, қызметкерлермен күнделікті негізде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу (бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау) бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.