Мәдени кеңістіктегі байланысты бекіту мақсатында киелі түбекке табан тіреген танымал якутиялық режиссер Сергей Потапов "Маңғыстау-Медиа" ЖШС директоры Айсұлу Дутбаевамен жүздесіп, өзара әңгіме өрбітті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Режиссер облыстың бас басылымының бағыт-бағдары жөнінде біраз мағлұматқа қанығып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.
Режиссер жаңа драма жанрында қалам тербеген авторлардың пьесаларын сахналайды.
Сондай-ақ әлем әдебиетіндегі үздік классикалық туындыларды сахна төрінде сомдауда тәжірибесі мол. Атап айтар болсақ, У.Шекспирдің «Сон в летнюю ночь», Л.Толстойдың «Анна Каренина», А.Чеховтың «Апалы сіңлілі үш қыз» сынды шығармаларын Саха театрында әр жылдары қойған.
Осыған дейін Сергей Потапов Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесін сахналаған.
Режиссердің Маңғыстауға келгендегі басты мақсаты - Федерико Гарсиа Лорканың "Дом Бернарды Альбы" пьесасын көрермендерге ұсыну. Пьесаны қыркүйек айының басында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театрынан тамашалай аласыздар.
Сергей Потаповпен сұхбатты жуық арада "Маңғыстау" газетінен оқи аласыздар.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ