«МАЭК-КАЗАТОМПРОМ» мекемесіндегі 3 645 қызметкердің 2 370-і наурыз айынан бастап ерікті түрде екпе алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың 70-80 пайызы вакцина алу қажет. Мекемеде екпе егу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қызметкерлер қатарында вакциналаудан кейін ауырғандар тіркелген жоқ. Біз қауіпті індетті егіліп қана жеңе аламыз», - деді «МАЭК-КАЗАТОМПРОМ» ЖШС медицина қызметінің басшысы Алина Есқалиева.
Компания басшылығы вакциналау басталғанда мекеме ғимаратынан егу кабинетін ашқан. Қазір мұндағы вакциналау бөлмесі стандарттарға сай жұмыс істеп тұр.
Жұмысшыларға екпенің маңыздылығы түсіндіріліп, ұжымдық иммунитет қалыптастырудың өзектілігі айтылған. Егу жұмыстары басталған алғашқы күні 100 адамға дейін егілген. Ендігі меже - ұйым қызметкерлерін толықтай вакцинациялау.