© Талант ҚҰСАЙЫН
Облысқа арнайы зерттеу жүргізу үшін ғалымдар келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осы аптада облысқа əкімдіктің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан жəне Алматы қалаларынан екі ғалым келді.
Мақсат - өлкенің мал азығын дайындау әдістерін анықтау, жер құнарлығын зерттеу жəне зерделеу, аймақтағы су көздерін анықтау, үстірт пен ойдағы құдықтарды пысықтау. Ғалым, тау-кен инженері, гидрогеолог Шалабай Жусиев және Алматыдан келген агрохимик, шөп зерттеуші - ғалым Қаныш Көшенов өлкеде қарқынды жұмыс істеуде.
"Бұл ғалымдар Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарында арнайы барып, географиялық жəне гидрогеологиялық карта бойынша құдықтарға талдау жұмыстарын жүргізді. Олар Түпқараған ауданының батыс теңіз жағасында су көздері мол екендігін нақты анықтап отыр. Осындай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізіліп тұрады", - дейді басқарманың бөлім басшысы Аслан Сүйебаев.