Ақтау қаласында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін адамдар көп жиналатын жерлерде бейнебақылау камералары орнатылады.
Осыған орай, жауапты тұлғалар 8 нысанды анықтады. Оның ішінде карантин талаптарын бірнеше мәрте бұзған мейрамханалар мен түнгі клубтар бар. Камераларды «Қазақтелеком» АҚ орнатады.
«Бұл жүйе карантин ережелерін сақтамаған тұлғаларды анықтауға көмектеседі. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты біз коронавирус инфекциясымен күресте соңғы технологияларды қолдануға мәжбүрміз. Провизорлық стационарларда біз күн сайын төсек орын санын көбейтіп отырмыз. Той мен садақа сияқты адам көп жиналатын шаралар тоқталар емес. Тұрғындар дәрігерлердің қойған талаптарын, өкінішке қарай, елемейді», - деді Гүлмира Қалмұратова.
Облыс әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың айтуынша, алдағы уақытта бейнебақылау камералары орнатылатын нысандарда көбейту жоспарда бар.