ҮЕҰ өкілдері мен кәсіпкерлер провизорлық стационарлардағы дәрігерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау кәсіпкерлері мен ҮЕҰ өкілдері провизорлық стационарлардағы дәрігерлерге қолдау көрсетті. Олар науқастың өмірі үшін күн-түн демей күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне сүт өнімдері мен тәттілер жеткізді.
«Біз осылайша дәрігерлерге зор алғысымызды білдіреміз. Науқастың өмірі үшін үздіксіз күресте дәрігерлердің еңбегі зор», - деді Маңғыстау облыстық Азаматық Альянсы ЗТБ Президенті Жібек Ахметова.
«Барша ҮЕҰ атынан дәрігерлерімізге ризашылығымызды білдіреміз», - деді «Ана мен бала» қоғамдық қорының директоры Дәметкен Шакенова.