Жуырда онлайн форматта Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, бірнеше мәселе қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Атап айтқанда, Ақтау қаласы әкімдігі мен Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қаралды.
Тәртіптік істің қозғалуына құқық қорғау органының заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысы негіз болды. Нақтырақ айтқанда, ұсынуда мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары тарапынан азаматтардың өтініштеріне мерзімінде толық жауап берілмегені және статистикалық есептің бұзылуы баяндалған.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік іс құжаттарын зерделей келе, лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылдады.
Мұндай шешімнің қабылдануына ұсынуда көрсетілген заңбұзушылықтар ұсыну түскенге дейін қызметшілердің өздерімен анықталып, акті жасақталғаны, кейін Бөлім қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, жыл басынан бері өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағандары үшін Бөлімнің 8 қызметшісі, соның ішінде тәртіптік іс қаралып жатқан Бөлімнің лауазымды тұлғасының да тәртіптік жазасы қаралғаны негізінге алынды.
Сонымен бірге, кеңес мүшелері Бөлімдегі қызметшілердің штат санының жетіспеуі, әрбір қызметші өздеріне белгіленген міндеттерді атқару барысында жүктеменің көптігіне орай физикалық түрде үлгере алмай отырғандығын ескере келе, қызметшілердің теріс қылыққа жол беру деректерімен емес, оның алдын алу бағытында себептерімен күресуге көбірек көңіл бөлу қажет деп тапты.