Барлық нысан «Nur Otan» партиясының жол картасы аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Светлана Төлебаева мәлім етті.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін 3 мектеп пен 3 мектеп құрылысы пайдалануға беріледі.
«Ақтау қаласындағы №29 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс – қазір құрылысы фундаменті аяқталды. Ақтау қаласындағы Шығыс-1 шағын ауданынан 300 орындық мектеп құрылысы – құрылысы аяқталды. Өмірзақ ауылындағы №27 мектепті реконструкциялау – конкурсы жүріп жатыр. «Некрасова» жекеменшік мектебінің құрлысы 40% аяқталды, кәсіпкердің жоспары бойынша қараша айында ашылады. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Бейнеу ауданындағы Күйкен мектебіне 320 орындық өз алдына бөлек тұрған ғимарат салу - фундементі құйылып жатыр. Мұнайлы ауданынан 100 орындық LAGER жекеменшік мектебі дайын», - деді Светлана Төлебаева», - деді Светлана Төлебаева.
Сондай-ақ, жол картасы аясындағы жаңғырту жұмыстарына мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету де кіреді.
«Бұл ретте мектептердегі бейнебақылау жүйелерін жаңарту, кіреберістерге дабыл тұтқаларын орнату және кезең-кезеңмен полиция департаментінің жедел басқару жүйелеріне қосу жұмыстары атқарылуда. Аталғандардан бөлек, 454,0 млн тг. қаржыға қала мектептеріне жаңа модификациялы кабинеттер сатып алынуда. Осылайша, биыл Ақтау, Жаңаөзен қалаларының 27 мектебі кабинеттермен толықтырылады», - деді Светлана Төлебаева.
Мектептерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері де шешіліп жатыр. Жаңа оқу жылында өңірдегі 7 колледж бен Ш. Есенов атындағы университеттен 85 педагог келеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, спикер Маңғыстау ауданындағы мектепке дейінгі білім беру туралы айтты. Қазіргі уақытта ауданда 30 балабақша бар, оның 10-ы жекеменшік.
«Аудан орталығында балабақша желісі жеткілікті, сондықтан оларға сұраныс жоқ. Шалғай ауылдарда балалар мемлекеттік балабақшалармен қамтылған. Алдағы уақытта кәсіпкерлерден ұсыныс түскен жағдайда жаңа ашылған орындарға мемлекеттік тапсырыс орналастыру арқылы балаларды қамту ұйымдастырылады», - деді Светлана Төлебаева.