Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлім етті.
«Барлығы 39 кандидат ұсынылды, оның 17-сі саяси партиялар, 22-сі өзін-өзі ұсынды. 39 адамның ішінен өз еркімен және тиісті саяси партияның шешімі бойынша 3 кандидат өз кандидатураларын алып тастады. Тіркелген 36 үміткердің ішінен екі кандидаттың тіркеу жойылды», - деді Асқар Рзаханов.
«Сайлау туралы» заңға сәйкес, тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жүргізуге құқылы, бұл үшін облыстық сайлау комиссиясы қаражат көлемін анықтады. Облыстық сайлау комиссиясының сайтында комиссияға БАҚ өкілдерінен төлем мөлшері, эфирлік және баспа беттерін беру шарттары мен тәртібі туралы жолданған ақпараттар жарияланды.
«Сайлау өткізілетін округтердің басшылығы үміткерлерге сайлаушылармен кездесулер өткізуге және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ықпал етуге тиісті», - деді Асқар Рзаханов.