8 шілде күні Ақтау қаласының бір топ жастары келісілген "пранк" ұйымдастырған. Бұл пранк видеосының басы қиылып, қызды алып қашып келген жерден басталған видео әлеуметтік желілерде кең тарап, халықтың арасында шу көтерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кейін белгілі болғандай, толық бейнежазбасында "пранк" деп айтылған.
Халықтың арасында үлкен шу тудырған пранк қатысушыларының барлығы дерлік полицияға жеткізіліп, олардан түсініктеме алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қыз бен анасы оларға ешқандай арыз-шағымының жоқтығын, ұзақ уақыттан араласып келе жатқан достар екендігін айтып, растады.
Бейнежазбадан байқалғандай жүргізуші де, жолаушылар да қауіпсіздік белдіктерін тақпаған. Сонымен қатар, жүргізушінің сақтандыру полисінде тіркелмегендігі белгілі болды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабы 2-бөлігімен және 230-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар жасақталса, жолаушыларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 615-бабы бойынша хаттамалар жасақталды.