Биыл 6 айда «Nur Оtan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдауға 2 241 арыз-шағым түскен. Соның ішінде 951 өтініш оң шешімін тапты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ал 1 248 арызға заң шеңберінде кеңес берілсе, қалған 212 шағым әлі қаралып жатыр.
Сонымен қатар облыстық әкімдік пен облыстық маслихат депутаттары жарты жыл ішінде 721 жеке қабылдау өткізді. Нәтижесінде мәселенің 30 пайызы оң шешім тапқан. Онлайн режимінде мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 211 қабылдау өткізген. Сондай-ақ мемлекеттік органдары басшыларымен – 33, мәслихат депутаттарымен – 29 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.