Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Аққу Айтжан мәлім етті.
Оның айтуынша, мұндай мәртебе кәсіпкерлерге жобада барлық талапты сақтағаны және белсенділігі үшін берілді. Нәтижесінде жоба жеңімпаздарының жұмыс істеу уақыты қосымша 2 сағатқа ұзартылады. Сондай-ақ нысандарға қонақ қабылдау мүмкіндігі 10 пайызға артады.
«Бүгін Маңғыстау облысында жоба бойынша 61 қызыл және 28 сары статус анықталды. 12 маусымнан бастап келушілерді QR-код бойынша тіркемеген 24 кәсіпкер «Ashyq» жобасынан 2 аптаға шеттетілді. Ал 20 дан төмен QR-код сканерлеген 107 кәсіпкерлік нысанға ескертпе жұмыстары жүргізілуде. Енді жобаға өңірдегі сауда орталықтары, сауда үйлері мен жабық базарлар қосылып жатыр», - деді Аққу Айтжан.
Айта кетейік, қазір Маңғыстау облысында 412 кәсіпкерлік нысан QR-кодын жүктеді. «Ashyq» жобасының 359 қатысушысы Әкімдіктің ресми сайтына жарияланды, ал 29 кәсіпкерлік нысан тесттік режимде жұмыс істеп жатыр.