Әскери-теңіз күштерінің 15 сержанты Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері старшинасының ар-намысты және абыройлы жоғары атағын мақтан тұтуға, офицердің сенімді сүйеніші болуға ант берді, дер хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін Ақтау гарнизонында старшиналар ар-намыс кодексін салтанатты түрде қабылдады.
Ел әскерінде қазіргі кезде он бес мыңнан астам сержант бар. Сержанттар құрамы негізінен Кадет корпусын бітіріп шыққандармен жасақталады. Бұл оқу орны 2021 жылы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі болып өзгертілді.
- Сержанттар немесе старшиналар корпусы дегеніміз ол қарапайым келісімшарт бойынша әскери қызметші қатарынан командалық санатқа өткен сарбаздар. Олардың ар-намыс кодексін қабылдауы сержанттар қатарына кіргенін білдіреді, - деді әскери теңіз базасының 1-сыныпты старшинасы Альберт Айдархаев.
2021 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Сержанттар күнін атап өтеді.