Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев айтты.
Оның айтуынша, кәсіпкерлік нысандар 3 шілдеден бастап «Қызыл аймақтың» талаптарына сәйкес жұмыс істейді. Мұндай шешім үкімет отырысында қабылданған.
«23-30 маусым аралығында облыс бойынша коронавирустық инфекциясының 265 жағдайы тіркелді. Өткен апталармен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейінің 23 пайызға өскендігі байқалады. Сондықтан мемлекет тарапынан қауіпті індеттің таралуының алдын алу үшін бірқатар шара қолға алынды. Осы орайда тұрғындарды адам көп шоғырланған жерге бармауға, санитарлық ережелерді ұстануға шақырамын», - деді Ғазиз Надуев.