Биыл мұнайлылық 38 оқушы оқуды үздік аяқтап, «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ержан Күмісқалиев айтты.
Оның айтуынша, 2020-2021 оқу жылында Мұнайлы ауданында 1141 оқушы мектеп бітіреді. Оның 963-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Соның 72-сі «Үздік аттестатқа» ие болды.
«Мұнайлы ауданы білім саласы бойынша облыстағы озық ауданның бірі. Біз биылғы оқу жылын табысты аяқтадық. Бұл ауданымыздағы жиырмаға жуық мектепте қызмет ететін ұстаздар қауымы мен оқушылардың, олардың ата-аналарының еңбегінің ортақ жемісі. Аудан әкімі оқушыларға «Алтын белгі» төсбелгісін өзі табыстады», - деді Ержан Күмісқалиев.