“Абай” атындағы мәдение демалыс кешенінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шығармашылық ұжым түрлі саладағы өнерлі азаматтармен бірігіп патша көңілді көрермендерді қуантты. Алғаш болып сахнада шекара шебінде, елдің іргесінде күллі халықтың тыныштығын күзетіп тұрған әскери қызметкерлер ән шырқады.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлар мен ақ халаттылар да киелі сахнада өнер көрсетті. Осылайша, карантиндік талаптарды сақтай отырып өткен мерекелік шарада көрермендер патриоттық әндермен сусындап қайтты.