Ақтау гарнизонында 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай көптеген шаралар өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Гарнизонның әскери қызметшілері 100-ге жуық балаға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлады.
Балаларға арналған шара барысында түрлі театрландырылған қойылымдар мен ойындар ұйымдастырылды. Арнайы шақыртылған аниматорлар балаларға шаттық сыйлап, байқаулар өткізді. Шара соңында жеңімпаз бүлдіршіндерге сыйлықтар табыс етіліп, барлық балаларғатегін балмұздақтар таратылды.
"Балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру әрбір адамның міндеті. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азамат болып өсуіне ат салысамыз", - деді әскери-теңіз базасы әйелдер кеңесінің төрайымы Әсел Хайрушева.
Айта кетейік, аталмыш іс-шара гарнизонның әскери бөлімдеріндегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметтері өкілдерімен ұйымдастырылды.