Ақтау қаласы бойынша шомылуға қауіпті ретінде екі аймақ белгіленген. Олар, 4 шағынаудан «Каспиан Ривьера» қонақ үйіне қарама-қарсы жағалаудан облыстық филармонияға дейінгі аралық пен «Шора» су арнасы, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімінің орынбасары С.Гусман бастаған бір топ жұмыс өкілі қауіптің алдын алу мақсатында осы аталған аймақтарда болды.
Қала басшысының орынбасары Шора тыйым салынған аймағының қоршауын ұзартып, қайта қалпына келтіруге және екі тыйым салынған аймаққа учаскелік бақылау пунктін қою жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар, ескерту баннерлерін жаңартуды тапсырды. Тапсырмалардың орындалысы қала әкімдігінің бақылауында болмақ.
Одан өзге қала әкімдігі тұрғындар мен демалушылардан тыйым салынған аймақтарда шомылмауды және масаң күйде суға түспеуді ескертеді.