Өмірзақ ауылына қарасты Рауан тұрғынүй кешенінің маңында жаңа спорт алаңы салынады. Аумағы 312 шаршы метрді құрайды. Бұл туралы Өмірзақ ауылы әкімінің орынбасары Әсет Өтеғалиев мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның айтуынша, тұрғын үй кешенінің жанынан 125 шаршы метрді құрайтын балалар ойын алаңы тұрғызылады.
«Бұдан бөлек демеушілердің қолдауымен Приморский елді мекенінде де аумағы 180 шаршы метр ойын алаңын салу жоспарда бар. Аталған алаңдар күзге дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде», - деді Әсет Өтеғалиев.