© Талант ҚҰСАЙЫН
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.