© Фото скриншот
Бүгін 1 шағынаудан «Карвон» мейрамханасы артындағы жағажай күл-қоқыстан тазартылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбайдың бастамасымен демеушілер арнайы техникалар арқылы теңіз түбіндегі қалдықтар мен блоктарды шығарды. Мұның барлығы тұрғындар мен туристердің қала ішіндегі жағалауда демалуы үшін жасалып отыр.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, аталған жағажай жанындағы кәсіпкерлік нысан иелері тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға келісім берді. Яғни олар серуендеуге арналған теңіз кемелерін күтетін орындарға абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.