Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің жаңа тарихи жағдайларда дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет жүйесін құруға ерекше назар аударып келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылдың мамырындағы «Ұлт Жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» реформалық бағдарламасына сәйкес, ең алғашқы өзекті міндет ретінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесі алға қойылған. Ұлт жоспарының 12-қадамында жазылған «Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу» жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әдеп кодексі қабылданып, Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілгені белгілі.
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары консультациялық көмек көрсету, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыру, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды тұлғаларға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгіну болып табылады.Әдеп жөніндегі уәкіл - мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа алады.
Әдеп жөніндегі уәкіл мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:
1. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіре түсуіне ықпал ету, нақтылай айтқанда түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2.Ақпараттық сипаттағы жұмыстарды атқару.
3.Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдауды жүзеге асыру.
4.Ұжымдарда моральдық әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға көмектесу (анонимдік сауалнамалар жүргізу.)
Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру депарментінде Әдеп кодексінен, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдардан туындайтын талаптар түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан жүктелген қызметтердің сапалы атқарылуы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік шаралар, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтын алдын алу бойынша оның болуы мүмкін тәуекелдері жөніндегі мәселелер қаралды. Қатысушыларға кеңінен түсіндіріліп, берілген сұрақтарға жауаптар берілді.
Жұмыс және жұмыстан тыс уақытта да мемлекеттік қызметші беделін түсіретін немесе қоғам тарапынан сын тудыратан ситуациялардан өзін алшақ ұстауы тиіс. Іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтамау Әдеп кодексін өрескел бұзу болып табылады. Мемлекеттік қызметші әлеуметтік желіні қолданған кезде инетернет желісінің басқа қолданушыларымен әңгімелесуде сыпайлылық танытуы қажет, өз парақшасында құпия немесе жабық ақпаратты жарияламауы, қазіргі конститутциялық құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын қолданушыларды достар тізіміне қабылдамауы тиіс.
Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5-тармағының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылған сынға себепкер болмауға тиіс екендігі көрсетілді. Қазіргі таңда аталған мәселе Әдеп жөніндегі уәкілдің тікелей бақылауында және үнемі қатаң қадағалануда. Осыған орай, барлық мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыру жүктелді.
Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолауында мемлекеттік қызметшілердің жұмысының сапасына жағымсыз әсер ететін мемлекеттік органдардағы артық жұмыс жасау, формализм мен бюрократияның орын алуын ерекше атап өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының және қала әкімі аппараты басшысының тапсырмаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына көрсетілгендей еңбек заңнамасының үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, сондай-ақ түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдарға айыппұл салу қарастырылғанын көрсете келе барлық мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін уақытылы қайту туралы қатаң ескертіліп, қазіргі таңда бұл жүйе дұрыс жолға қойылды.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарын орындауына бақылауды күшейте түсу мақсатында қала әкімі мен аудан әкімдері аппараттарында Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттердің талап деңгейінде орындалуы бойынша жүргізілуге тиісті жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Маңғыстау мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру департаментінің
Әдеп уәкілі
Қуаныш Аида