Бүгін Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қаңтар-сәуір айларындағы қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық экономика министрі Ә.Ерғалиевтің баяндауынша, барлық 7 экономикалық көрсеткіш бойынша елімізде 2 өңірде оң өсім байқалды.
«Өңдеу, ауылшаруашылығы, құрылыс, тұрғынүйді пайдалануға беру, сауда, көлік, жеке инвестиция бойынша Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында көрсеткіш жақсы»,-деді министр.
Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі С.Трұмов орынбасарларына алдағы айда да оң көрсеткішке қол жеткізу үшін тиімді жұмысты жалғастыруды тапсырды.