Каспий теңізінде қазақстандық Ривьера тұрғызамыз. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«30 жылдың ішінде Қазақстан жылнамасының көптеген жарқын беті жазылды. Күннен кұнге алға қарай ілгерілеп, алдымызға өршіл мақсаттарды қойдық. Қазақстан халқы Ассамб л еясының әрбір сессиясында мен осындай баяндама жасап, бұл жайында айтып келемін. Бүгінде барлық жетістікті тізбелеп айтып шығу мүмкін емес. Бүгінде бүкіл әлем үшін сынақ болып жатқан кезде біз елімізді дамытуды, экономикамызды жаңғыртуды жалғастырып келеміз. Қараңыздаршы, барлық жерде барлығы тоқтап жатыр», - деді Елбасы ҚХА-ның ХХІХ сессиясында.
ҚР Тұңғыш Президенті елімізде кәсіпорындар салынып, жаңа қалалар тұрғызылып жатқанын баса айтты.
«Біз кәсіпорындар салып, жаңа қала тұрғызып жатырмыз. Каспий теңізінде қазақстандық Ривьера салатын боламыз. Мың адамға арналған бір қонақ үй әлемдегі кез келген қонақ үйден жақсы. Антальядан да жақсы. Тағы осындай 3 кешен салынып, қазақстандық Ривьера жасалады. Біз мұны пандемия жағдайында да іске асырамыз. Бұл дұрыс та. Ертеңгі күн туады және біз дайын боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.