Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Шабай Тәжіғараев мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2021 жылға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін:
1. Мұнайлы ауданы Батыр селосында 80 пәтерге арналған 6,1 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер құрылысы ағымдағы жыл соңына дейін берілуі жоспарлануда.
2. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында 72 пәтерге арналған 3,9 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы ағымдағы жыл соңына дейін берілуі жоспарлануда.
Сондай-ақ, 2021 жылы Ақтау қаласында 153 пәтерге арналған 8400 шаршы метрді құрайтын бастапқы тұрғын үйлерден пәтерлер сатып алуға 1,3 млрд.теңге бөлінді.
Несиелік тұрғын үй бағыты бойынша 2021 жылы 1102 пәтерге арналған 102,688 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер құрылысы аяқталады:
1. Ақтау қаласының 19а шағынауданындағы 432 пәтерлік тұрғын үйлер құрылысы 22,434 мың шаршы метр жүргізілуде. Нысан құрылысын 2021 жылдың 3-тоқсанында аяқтау жоспарлануда.
2. «АҚҚУ» шағынауданының 3-кезегінің тұрғын үйлерінің құрылысы 53,438 мың шаршы метр 2021 жылы толықтай аяқталады деп күтілуде (670 пәтер).
3. Ақтау қаласының 18 шағынауданындағы 180 пәтерлік тұрғын үйлер құрылысы 10,150 мың шаршы метр жүргізілуде. Нысан құрылысын 2021 жылдың 1-тоқсанында аяқтау жоспарлануда.