Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті. Оның айтуынша, өңірде 16 егу пунктінде 7 кабинет жұмыс істеп тұр.
«Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентінің 4 500 дозасы және «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентінің 3 500 дозасы -18 градуста барлық сақтық режимдерін сақтай отырып, облысқа жеткізілді», - деді Ғазиз Надуев.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында вакцинацияланған адамдардың саны 1 905 адамды құрайды.
«Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияға қарсы 1 компонентпен 1905 адам, 2 компонентпен 530 адам вакцинацияланды. Атап айтқанда, № 1 Ақтау қалалық емханасында (1 комп.-125 адам), № 2 Ақтау қалалық емханасында (1 комп.-630; 2 комп.-325 адам), "Нейрон" медициналық орталығы (1 комп.-560; 2 комп.-205 адам), Түпқараған ауданының орталық ауруханасында (1 комп.-95 адам), Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында (1 комп.-25 адам), Бейнеу аудандық ауруханасына (1 комп.-55 адам), Мұнайлы аудандық ауруханасында (1 комп.-135 адам). Айта кету керек, Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған», - деді Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев.
Ғазиз Надуевтің айтуынша, иммундаудан кейінгі асқынулар мен реакциялар тіркелген жоқ. 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап отандық «QazCovid-In» препаратымен вакцинациялау жоспарланған.