15 мен 30 наурыз аралығында облыс бойынша мектеп оқушыларының арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 жағдай, мұғалімдер арасында 6 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚКО-да өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Ғазиз Надуев айтты.
Оның айтуынша, мектеп оқушылары арасында Ақтау қаласы бойынша №13, 20, 6, 12, 21, 23, 5, 6, 15 мектепте және Назарбаев зияткерлік мектебінде, Мұнайлы ауданы бойынша Қызылтөбе лицейінен 2 жағдай анықталды. Олардың ішінде 9 оқушы оффлайн, 7-еуі онлайн режимде оқиды.
«Анықталған 16 оқушының 15-і үйдегі қарым-қатынас арқылы, 1 оқушы жедел отаға дайындық барысында анықталып отыр. Ауырған оқушылардың барлығының шағымы жоқ. Қазіргі уақытта 16 оқушының сыныптары үй карантиніне алынды», - деді Ғазиз Надуев.
Бұдан бөлек Ғазиз Надуев облыстағы қазіргі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды.
«Инфекция жұқтырғандардың 65%-ы тығыз қарым-қатынаста болған ошақтарда байқалып отыр. Бұл дегеніміз адамдар сақтық шараларын қадағаламауынан болып отыр. Қазіргі уақытта аурушаңдықтың салыстырмалы көрсеткіші Ақтау қаласында өсіп отыр. Аудандардың ішінде ең төмен көрсеткіш Бейнеу мен Қарақия ауданында», - деді ол.