МО бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №3 қаулысына өзгерістер енгізілді
[ 2021 ] 30 наурыз, 09:27 | Маңғыстау жаңалықтары
“Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы” Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 06 наурыздағы №3 қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Маңғыстауда 2021 жылдың 01 сәуірінен бастап жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытылады.
- Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне топтарды біріктіріп іс-шаралар өткізбестен, ата-аналарды және еріп жүретін адамдарды кіргізбестен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
990
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.