Жаңаөзенде 10 сынып оқушысы Жібек Сәрсенбаева дайындаған креативті бейнероликтері әлеуметтік желілерде мыңдаған қаралым жинаған. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ол қазіргі кезде сұранысқа ие видео түсіру және монтаж жасауды жақсы меңгерген.
«Видео жасауға қызығушылығым 8-9 жасымда оянды. Кішкентай кезімде қызықты мультфильмдер мен әртүрлі «YouTube» блогерлерін көріп қызықтым. 2013 жылы видеоөңдеу бойынша арнайы курс болмағандықтан қиынға соқты. Өз ынтамның арқасында ізденіп, сабақтарға қатысып, өздігімнен үйрендім», - деді Жібек Сәрсенбаева.
Сүйікті хоббиін табыс көзіне айналғандырған оқушыға ата-анасы қолдау білдіріп, ноутбук, дрон, микрофон, штатив, аспалы жарықшам секілді құрал-жабдықтарды сыйлаған. Болашақта кино саласында, режиссер болғысы келетін Жібек Сәрсенбаева Қазастандағы кино индустрия саласында жұмыс істеуді армандайды.