Құрметті ақ жаулықты әжелер, ару аналар! Қыз-келіншектер!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аялы алақанында. Адамзат баласына тән қасиетті, сүйіспеншілік пен іңкәрліктің, сұлулық пен махаббаттың, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын бір бойына сіңіре білген ақ пейілді, дарқан жүректі нәзік жандарға арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келуі бекер емес.
Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана сүтімен барша халықтың рухы, арман-үміті болып табылатын тілі мен тарихы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына дариды.
Қазіргі қоғамымызда әйелдер тек отбасының береке-бірлігін ойлап қана қоймайды, мемлекетіміздің өркендеуіне және саяси-әлеуметтік, мәдени мәселелеріне белсене араласып келеді. Көп балалы аналар, дәрігерлер мен мұғалімдер, мәдениет пен спорт қайраткерлері, бизнес өкілдері, әскери адамдар, журналистер – барлығы да қоғамымыздың негізгі құндылықтары – бірлікті, жасампаздық пен тұрақтылықты нығайта отырып, мемлекетіміздің сенімді тірегі бола білді!
Жандарыңыз нәзік болса да, бізге күш - қуат, рух, жаңа бастамаларымызға шабыт беретін биік тұлғасыздар! Жан-жағына шуақ шашып, айналаны нұрға бөлеп, әлемді бағындырып, сіздермен бірге егемен елімізді одан әрі көркейту, оның әл-ауқатын жақсарту жолында жұмыстанамыз.
Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар!
Бүгінгідей әсемдік пен сұлулық мерекесі күні сіздерге және жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Мейірімге толы жүректеріңіз бақыт ләззатына, қуаныш пен шаттыққа кенеле берсін!
Көктем мерекесі құтты болсын!
Маңғыстау облысының әкімі С.ТРҰМОВ