Кеше Ақтауда көпбалалы ардақты аналарға құрмет көрсетілді. Ақтау қаласының әкімінің орынбасары Малик Абдыкадиров алтын құрсақты жандарға “Алтын алқа” және “Күміс алқа” төсбелгілерін табыс етті.
ҚР Президентінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №493 жарлығы бойынша 2 ана "Алтын алқа" және 17 ана "Күміс алқамен" марапатталды.
Қала әкімінің орынбасары өз құттықтауында Маңғыстау өңірінің республика бойынша туу көрсеткіші жөнінен көшбасшы аймақ екенін атап өтті.
Бүгінде Ақтауда 6 000-ға жуық көпбалалы ана тіркелген.
“Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді”, - деп бекер айтылмаса керек. Осы үш-ақ әріптен тұратын сөз не деген құдіретті?! Анадан батыр да, ақын да, данышпан да туады. Халқымыз бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы аналарға көп жүк артады. Қазақ еліне деген еңбектеріңіз үшін Сіздерге мың да бір алғыс айтамын”, - деп құттықтауын жеткізді Малик Абдыкадиров.
Іс-шара барысында ақжарма тілектер айтылып, көпбалалы аналар алғыстарын жеткізді.