Бүгін Ақтау қаласында №5 және 4м бағытындағы жаңа автобустар қатынай бастады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сонымен қатар Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосынан бастап қаланың барлық шағынауданды қамтитын №107 (бұрынғы №1) жаңа қоғамдық көлікпен толықты.
Ал қала тұрғындарын жылы жағажай аумағына тасымалдау мақсатында №3а бағыты пилоттық нұсқада қосылған болатын. Аталған маршрут №3 бағыты бойынша жүреді. Әрі қарай жылы жағажайға қатынайды.
Айта кетейік, биыл қалалық автобус паркі 30 жаңа автобуспен толыққан болатын. Ал мамырда №2 бағытындағы автобустарды жаңалау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда аталған автобустарды әкелуге келіссөздер жүргізіліп жатыр.