2020-2021 оқу жылының ІІІ тоқсанында 24 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласы бойынша 21 оқушы КВИ-мен ауырған. Коронавирус жұқтырған 6 оқушы оффлайн білім алса, 15 оқушы онлайн оқыған.
Ал Түпқараған ауданында оффлайн білім алатын 1 оқушы, онлайн форматта оқитын 2 оқушы коронавирус жұқтырған. КВИ жұқтырған оқушылар оқшауланды, отбасыларымен бірге карантинге жіберді.
«КВИ анықталған мектептерде дезинфекциялық жүргізіліп, сақтық шаралары қолға алынды. КВИ анықталған сыныптардың оқушылары карантинге жіберілді. Барлық мектепте санитарлық талаптар қатаң сақталған. Санитарлық құрал-жабдықтар – санитайзер, жүрмелі кварцтау лампалары, тепловизор, антисептиктермен қамтамасыз етілген», - дейді Ғазиз Надуев.
Білім басқармасы, білім бөлімдерінің мамандары тарапынан білім беру ұйымдарындағы санитарлық талаптардың сақталуы қатаң бақылауға алынды.
Сондай-ақ мектептердің жай-күйі туралы WhatsApp желісінде жүрген ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді.