Ақтаулық Азамат Сәрсенбаев теңіз жағасында жүзген аққуларды тағы да видеоға түсірді. Ол өзінің фейсбук парақшасында бейнероликті жариялап, қала тұрғындары мен қонақтарының аққуды ерекше қастерлейтінін жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Айта кетейік, бұған дейін ақтаулық тұрғын Қаракөлдегі қоқиқаздар мен аққуларды видеоға түсірген еді. Аталған бейнероликтер қазақстандықтар мен шетелдіктердің көңілінен шыққан болатын.