Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай коммуналдық мекеменің қысқы дайындық жұмыстарын тексерді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Биыл көктайғақтың алдын-алу мақсатында 400 тонна тұз және 1500 м3 құм алынған болатын. Қазір содан 362 тонна тұз бен 1228 м3 құм қалған.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ауа-райы өзгерген жағдайда күндізгі ауысымда 150 жұмысшы, түнгі кезекшілікке 25 жұмысшы, 7 пескоразбрасыватель, 1 бойлер автокөлігі, 1 автогрейдер, 3 погрузчик, 5 газель көлігі, 11 мотопомпа жұмылдырылады.
Айта кетейік, «Қала жолдары» ЖШС мекемесінің жұмысшыларына «Жанұя» орталығындағы көпбалалы аналар киім тігіп беріп жүр.