Автокөлікке жалғанған шанамен сырғанаған жасөспірімдердің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Бейнеу ауданы полиция бөлімінің инспекторлары тәртіп бұзғандарды анықтап, айыппұл салды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Желіні шулатқан 15-16 жастағы жасөспірімдер көлік құралын басқарып, автожол бойында шанамен сырғанаған.
Бейнеу ауданы полиция бөлімінің мәлімдеуінше, көлікті басқарған жасөспірімдердің заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-ң 612 б 5 б (Басқару құқығы жоқ адамға көлік құралын басқаруға беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 50 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынды.
Ал шанамен сырғанап көңіл көтерген жасөспірімдердің тәртібін Бейнеу ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралады.