Ақтауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 25 шағынауданда «Көк Базар» сауда кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кешен жалпы ауданы 16 мың шаршы метр құрайтын азық-түлік базары, оның ішінде 4 мың шаршы метр қойма және ауданы 3,5 мың шаршы метр тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталған көкөніс қоймасынан тұрады.
Ашылу іс-шарасына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әлихан Қыраубаев, нысанның стратегиалық маңыздылығын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететіндігін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін және жалпы инфляцияны тежеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, аталған кешенді іске қосу үшін жеке инвесторлар 900 миллион теңгеге жуық жеке қаражатын салған болатын. 250-ге жуық жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, «Көк Базар» көкөніс қоймасы «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болып табылады.