Маңғыстау облысы бойынша барлық төрт-түлік мал басы 621 925-ке жетті. 2019 жылмен салыстырғанда 10 %-ға өскен. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша биыл 10 айда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы - 16,9 млрд теңге. Нақты көлем индексі (ИФО) - 100,8 %. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,8%-ға артқан.