Бейнеу ауданына қарасты Боранқұл ауылының орталығында балалар ойын алаңы салынды. Бұл туралы ауыл әкімі Мәжит Төреғожин мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Балалар ойын алаңы «ТеңізШеврОйл» компаниясының демеушілігімен салынды. Ойын алаңының жалпы құны – 8,5 млн теңге.
«Осыған дейін ауыл тұрғындары осы компания ұйымдастырған байқауларға қатысып, 5 жоба жеңімпаз атанған болатын. Бұл 5 жобаның жалпы құны – 8 990 512 теңге. Қазіргі таңда олардың барлығы жұмыс істеп тұр», - деді Мәжит Жайкенұлы.