Ақтау қаласы әкімдігі жасөспірімдер мен балаларға арналған «Кітап – рухани азық» атты онлайн байқауды жариялады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Байқаудың мақсаты – жастардың отансүйгіштік қасиетін арттыру, кітап оқу дәстүрін насихаттау және сөз құдіреті арқылы мемлекеттік тілді дамыту.
Байқау әр екі ай сайын ұйымдастырылып тұрады.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, байқау жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінеді. Бірінші топта 6-9 жас аралығындағы балалар сынға түседі. Олар ертегілер, Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқиды. Ал екінші топтағы 10-13 жастағы балалар өлкенің ақын-жазушылары және Абай Құнанбайұлы шығармаларын, балалар әдебиетін оқуы керек. Соңғы үшінші топта 14-17 жастағы қатысушылар А.Құнанбаев, Н.Назарбаев және Ә.Кекілбаев шығармаларымен танысады.
Айта кетейік, байқауға тек Ақтау қаласының тұрғыны ғана қатыса алады. Ол үшін оқыған шығармалары жазылған өтінішті 8701 936 7770 вастап нөміріне жолдау қажет. Жеңімпаздар қаржылай және кітаптармен марапатталады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА