Маңғыстауда 16 қарашадағы жағдайға сәйкес, I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 83 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыстың қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 83 науқастың ішінде 4-де коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 73, жағдайы ауыр халде 9 науқас, өте ауыр хәлде 1 науқас бар.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 25 пайызды құрайды.
Облыс көлемінде 335 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.