Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, 3 қыркүйек пен 3 қазан аралығында құжаттар қабылданып, 600 тұрғын өтініш берген.
"Жергілікті мұнай компаниясы мен әкімдік тарапынан келісімшарт жасақталды. Енді меморондум бойынша комиссия өкілдері 600 тұрғынның өтінішін қаралды. Тізім бойынша 150 адамға Ақтаудан пәтер берілді. Келесі жылы да 150 пәтер беру жоспарланып отыр.", - дейді Жаңаөзен қаласының әкімі.
Айта кетейік, жалдамалы тұрғын-үй әлеуметтік осал топтың мүшелеріне, көп балалы аналарға, 18 жасқа дейін ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарға, ҰОС ардагерлеріне беріледі. Былтыр дәл осындай жалдамалы тұрғын үйге 3,9 млрд теңге бөлініп, 394 жаңаөзендік отбасы баспаналы болған.